"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Бұлақсай ауылының № 1 негізгі орта мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа №1 села Булаксай отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

598 бұйрықтан сілтеме

 

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17948 болып тіркелді.

      

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 598 бұйрығымен
бекітілген

 Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары

      

 3-параграф. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету

      103. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тамақтанудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етіледі.

      104. Асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақыты оқу процесі аяқталғанға дейін бір сағат бұрын аяқталады.

      105. Білім беруді басқару органдары және орта білім беру ұйымдары интернет-ресурста білім алушылардың мектеп асханасында тамақтануы туралы ата-аналарға ақпарат беру үшін функционалдылықты көздейтін, оның ішінде перспективалық мәзірді, жұмыс жоспарын, тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссиялардың актілерін көрсете отырып, "Мектептік тамақтандыру" айдарын құрады.

      Орта білім беру ұйымдары білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша интернет-ресурстағы "Мектептік тамақтандыру" айдарында күнделікті ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді (тағамдардың фотосуреттері, бағалары қоса берілген күнделікті мәзір).

      106. Орта білім беру ұйымының басшысы білім беруді басқару органы бекіткен перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын тамақтардың алдағы күнге шығуын көрсете отырып, ас мәзірін бекітеді және оны асханаға және білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін қолжетімді жерге орналастырады.

       Перспективалық мәзір "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына, "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген), "Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21857 болып тіркелген), "Тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 503 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14674 болып тіркелген) бұйрықтарына және білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, тамақтану объектісінің түрін, үй-жайлардың жиынтығы және тоңазытқыш және технологиялық жабдықтармен жарақтандыруды, сондай-ақ өңірде өндірілетін отандық өнімдердің ұлттық дәстүрлері мен ассортиментін, дұрыс тамақтану рационын қалыптастыруды ескере отырып, тамақтанудың заттай нормаларына сәйкес әзірленеді.

      107. Қызметті жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынады.

      Тағамдарды, буфет өнімдерін, сусындарды, шөлмектегі суды өткізу конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады.

       108. Білім беруді басқару органы, білім беру ұйымы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30534 болып тіркелген) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес тіркеу және есептілік функциясы бар аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы тегін тамақпен қамтылған білім алушыларды есепке алуды жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымдарында білім алушыларға өзімен бірге әкелінген тамақты ішу үшін қажетті жағдайлар жасалады.

      109. Орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі өкілдерінің, білім беру ұйымының медициналық пунктінің медицина қызметкерінің қатысуымен тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады. Комиссияның төрағасы орта білім беру ұйымының басшысы болып табылады.

      110. Комиссияның міндеттеріне келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, дайындалған тағамдардың сапасына, технологиялық жабдықтардың болуына және жарамдылығына, азық-түліктерді, дайын тағамдарды сақтау, жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуына, балалардың нақты тамақтану рационының күнделікті, перспективалық ас мәзіріне сәйкестігіне, асхананың санитарлық жағдайына мониторинг жүргізу кіреді.

      111. Комиссия жұмысының қорытындылары ай сайын кейіннен оларды білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарау және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастыру үшін ақпарат түрінде ресімделеді.

      112. Білім беруді басқару органдары жанында жұмыс істейтін тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтар тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне жүйелі мониторинг жүргізеді және оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.

      113. Тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссияның функциялары кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды немесе заңды тұлғаларды тарту арқылы да жүзеге асырылады. Осы шешім қабылданған жағдайда білім беру ұйымы, қызметті жеткізуші жоғарыда көрсетілген функцияларды жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғаларға рұқсат береді.

 

Жаңартылған күні: 14.09.2024 08:38
Құрылған күні: 14.09.2024 08:38

Текст