Текст
23 қазан күні «Бұлақсай ауылының 1 негізгі орта мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Шараға шағын орталықтың оқушылары, 1-9 сынып оқушылары қатысты.
Бұл шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, ел тарихын құрметтеу, өз Отанына деген мақтаныш сезімін ояту болды. Шара аясында мектеп оқушылары қазақ ақындарының өлеңдерін оқып, ән шырқап, би биледі.