Текст
Мектебімізде мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Бірлестік қатарына балалар, белсенділер, оқу озаттары қосылды.
«Жас Ұлан» жалпы білім беретін мектептердің базасында жұмыс істейді. Бұл өскелең ұрпақты жоғары адамгершілік-рухани құндылықтарға, толеранттылық, демократиялық және өзара түсіністік мәдениетіне негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. «Жас Ұланда» екі деңгейлі мүшелік жүйесі бар. «Жас Ұланның» жоғары деңгейіне 5-10-сынып оқушылары, кіші буын мүшелеріне өз еркімен мүше болуға ниет білдірген және «Жас Ұлан» ұйымының дамуына үлес қосқысы келетін 1-4-сынып оқушылары жатады. Ұлан».