Текст
2025 жылдың 20 наурыз күні сағат 11:00-де мектебімізде Наурыз мейрамын тойлауға арналған «КҮЙ КҮМБІР» республикалық домбыра сайысы өтті.
Домбыра – қазақтың ең сүйікті, ең кең тараған, киелі музыкалық аспабы, ол туралы ерте заманнан аңыздар айтылып келеді.
Сондықтан да киелі домбыра өнерінің дәстүрін өскелең ұрпақ лайықты жалғастыруы керек.
Байқаудың мақсаты: қазақ халқының музыкалық мәдениетіне қызығушылықты ояту, орындаушылық шеберлікті дамыту, қазақтың халық аспаптары туралы білімдерін кеңейту, домбырада музыка жасаудың ұжымдық түрлерін жетілдіру.