«Тіл-ұлттың
тірегі» атты қазақ тілі апталығының есебі
Мақсаты: Тіл –
ұлттың мақтанышы, тірегі,, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып,
оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде
қастерлеуге үйрету.
2017 жылдың 27 – 30 – қараша аралығында «Тіл-ұлттың тірегі» атты қазақ тілі апталығы өтті.
Апталық салтанатты жиынмен ашылды.
Апталықтың екінші күні У.А.Елубаева 2-сыныпта «Мен не үйрендім? (Нәтиже
сабақ)» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа мектеп директоры Никулина В.Э.,
орыс тілі мен ағылшын тілі мұғалімі Жанабаева Н.А., бастауыш сынып мұғалімі Бегалинова
О.С. өз бағаларын берді. Сабақтың басы үй жұмысын «Кір жуу» әдісі арқылы
тексерілді. Жаңа тақырып түрлі әдіс-тәсілдер, ойындар арқылы ұйысдастырылып, оқушылар
жоғары қызығушылықтарымен орындады. Сабақта қолданылған тапсырмалар: сөзжұмбақ,
оқылым, жазылым, айтылым, аударма, «Сақина салмақ» ойыны, «Кім жылдам?» ойыны т.б.Сабақ соңында оқушыларға лайықты бағаланып,
сабақтан алған білімдерін жинақтап айттылды
.Үнемі сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырды. Сынып
көшбасшысы анықталды. Сабақ өз мақсатына
жетіп, жақсы бағаланды.
Апталықтың үшінші күні Г.К.Дюсекеева
3-4- сыныптарда «Қайталау сабақ» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа
география пәнінің мұғалімі Кемина О.Н., орыс тілі мен ағылшын тілі мұғалімі
Жанабаева Н.А қатысып, өз бағаларын берді. Сабақ ойын түрінде өткізілді. 1,2,4
тарау бойынша қайталау жұмыстары жүргізілді. Сандарды, жемістер мен
көкөністерді, оқу құралдарын сабақ барысында қайталады. Оқушыларда екі топта
жұмыс жасады. Оқушыларды жинаған алмұрт, алмаларымен бағалады.
Апталықтың төртінші күні 9,11
сыныптар арасында «Абайтану» әдеби сынып сағаты ұйымдастырылды. Абайдың бала
кезінен үзінді презентация ретінде беріліп, үлгі-ғибратқа мол қара сөздерін
оқып, оқушылардың рухани танымын байытуға ықпал жасады. Сынып сағатында «Көзімнің қарасы» әнін оқушылар хормен әдемі
орындады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың
мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген
қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді.
Қорыта
келгенде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы белгіленген жоспар
бойынша өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі: Елубаева У.А.