Текст
18 – 22 қыркүйек аралығында Нововладимир орта мектебінде
Қазақстан Республикасының тілдер күні мерекесі аталып өтілді.
Мектеп жоспарына сәйкес мерекелік шара мынандай
жұмыстармен толықтырылды.
-
Оқушылардың білімін жетілдіру
мақсатында әр түрлі елдердің салты мен тілдері жайында сынып сағаттары
өткізілді.
-
Оқушылар мәнерлеп оқу сайысында
қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер жаттап, сынға түсті.
-
Қазақ тілін дамыту мақсатында
оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып үш тілде сайыс өткізілді.
-
Қабырға газетін шығару сайысы
өткізілді.
-
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде
кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға жауапты пән мұғалімдері: Хозаева А.О.,
Жанабаева Н.А., Дюсекеева Г.К., Елубаева У.А.