1-4 сынып оқушылары экология мәселелері туралы слайдтық көрсетілім қарады. Әрі қарай табиғатты қорғау және су орындарын қорғауға алу жайлы әңгіме өтті. Балалар қоршаған ортаның ластану салдары жайлы мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар қоқыстарды бөлектеу туралы сөз қозғалды. Осы орайда слайдты көрсетілім қарап, туындап отырған мәселе шешімін қалай шешу керектігі талқыланды. Қоқысты бөлек-бөлек жинау қажеттілігі туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Жинаған жер таза емес, таза ұстаған жер таза» атты экологиялық сәт өтті. Олар викторина сауалдарына жауап беріп, жоғары сынып оқушыларымен пікірталас барысында өз ойларын ортаға салды. Іс-шара соңында оқушылар «Қоршаған орта тазалығы» жайында үндеу дайындады.