28 қазанда 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 1-4 және 5-9-сыныптар арасында "Күзгі бал" өткізілді. Әс-шара барсында сынып жетекшілері мен оқушылар үлкен жұмыс жүргізді. Күзгі бал оқушыларға тек тамаша жыл мезгілінің ерекшелігін ғана біліп қоймай, сонымен қатар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетулеріне мүмкіндік берді.
Бұл іс-шараға дайындық алдын-ала дайындық жұмысы жүргізілді. Зал, сахна күз мерекесіне сәйкес безендірілді. Әр сынып өздері дайындаған ән-билерін ортаға салды.
Әсіресе, "Күз Сұлуы-2019" сайысы қызықты өтті. Қатысушылар өздерін таныстыруды ерекше мәнерде көрсетіп, дәстүрлі түрде және жаңашыл қалыпта көрсетіп, түрлі сайыстарда тапқырлық танытты.
Шара соңында әділ қазылар өз шешімдерін шығарды. Әр сайыксер сый-сияпатқа ие болды. Ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар мерекеге көңілдері тойды.