Бүгін, 12 сәуірде Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні атап өтіледі.
Бұл күн кездейсоқ таңдалмады, дәл осы күні көрнекті қазақстандық ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келді. Ұлы ғалымның бүгінде қазақстандық ғылымды дамытатын көптеген ізбасарлары бар. Біз өз ісіне берілген және ғылымның дамуына үлкен үлес қосатын ғалымдарымызды мақтан тұтамыз. "Ғылым күні"сыныптан тыс іс-шара
Мақсаттары мен міндеттері: отандық ғылым жетістіктері саласындағы білім алушылардың ой-өрісін кеңейту; білім алушыларды Ғылым күнінің пайда болу тарихымен таныстыру; білім алушыларды викторинаға тарту арқылы білім көкжиегін кеңейту; танымдық белсенділікті дамыту, пәндерді ғылыми білімнің негізі ретінде зерттеуге қызығушылықты ояту, ұжымшылдық пен азаматтық сезімін тәрбиелеу.