Текст
20 қарашада ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша бірінші Республикалық олимпиада басталды. Оған біздің мектептің 9 сынып оқушылары да қатысады. Мақсаты-еліміздің ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының таланттарын қолдау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы үшін оңтайлы жағдайлар жасау. Қатысушыларға сәттілік пен жеңістер тілейміз!