"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Бұлақсай ауылының № 1 негізгі орта мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа №1 села Булаксай отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Біздің Қазақстан-біздің Тұңғыш Президентіміз»

02.12.2020

Іс – шаралар жоспарына сәйкес кітапханада "Біздің Қазақстан-біздің Тұңғыш Президент"атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 25 қарашада мектепте Қазақстандық патриотизмге, өз елін, өз Президентін мақтан тұтуға тәрбиелеу мақсатында 1-11 сынып оқушылары үшін слайд көрсете отырып, Тұңғыш Президент, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы "Президенттік - мемлекеттілік дегенді білдіреді" атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Балалар Президентіміздің өмірбаяндық деректерімен, оның жанұясымен, әуестігімен танысты. Оған егемен Қазақстанның негізін құру мен нығайтудағы тарихи миссия тиесілі. Оның басшылығымен ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Ол оқушыларға Президенттің Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуына қосқан үлесі, оның ел дамуындағы рөлі туралы айтып берді. Қазақстан орасан зор табыстарға қол жеткізді, әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алған мемлекет құрылды. Біздің елде тұратын халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім планетаның барлық мемлекеттері үшін оң үлгі болып табылады.
27 қарашада еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың қалыптасуы туралы 5-11 сынып оқушыларына арналған "Балалық шағымның аспаны" фильмін көрсету ұйымдастырылды.

Просмотров: 504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст