"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Бұлақсай ауылының № 1 негізгі орта мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа №1 села Булаксай отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨЛКЕТАНУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

«__» _________ 2018 жылғы

№  _______________

бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдістемелік ұсынымдама

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨЛКЕТАНУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрылымы

 

Кіріспе

3

Қазақстан Республикасындағы өлкетану жұмыстарының нормативтік құқықтық базасы

5

Тұжырымдамалық негіздердің мақсаты мен міндеттері

5

Өлкетану субъектілері

6

Өлкетану нысандары

6

Өлкетанудың негізгі дереккөздері

7

Қазақстан өлкетануының этнопедагогикалық негіздері – «Қасиетті Жер-Су»

8

Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар қасиетті орындары

10

Өлкетану қызметі мен зерттеулерінің ғылыми-педагогикалық және әдіснамалық негіздері

11

Өлкетану жұмыстарын ресурстық қамтамасыз ету

13

Өлкетану ілімінің қоғамда танылуы мен насихатталуы

16

Жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер

17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстандық қоғамның қазіргі замандағы даму кезеңінде, қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында, өзіміздің ұлттық кодымызды, мәдениетіміз бен ұлттық бірегейлігімізді сақтау аса маңызды болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы дәл осыған бағытталған.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық код, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму, сананың ашықтығы сияқты қағидалар негізінде стратегиялық бағдарлар мен жаңа міндеттер анықталған. Ғасырлар бойы бабаларымыз туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу өте маңызды. («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан).

Бүгінгі заман адамның әлеуметтік мәдени өмірлік іс-әрекетінің дамуына өзгерістер енгізіп отыр. Бұл өзгерістер ұлттар, мемлекеттер, барлық саяси, әлеуметтік және мәдени қоғамдастықтарға әсер ететін ішкі және сыртқы қайшылықтар мен қарсылықтарды сипаттайтын унификациямен, уақытты жылдамдатумен, жаңғыртумен, өнеркәсіптік революциямен, технологияны дамытумен байланысты әлемдік жаһандану факторымен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңдағы Қазақстан әлемдік жаһандану процесі, күрделі геосаяси қозғалыстар және жаңа қарсылықтар, жылдам экономикалық және технологиялық өзгерістер жағдайында дамып келеді.

Қазақстандағы өлкетану – елімізді, оның тарихын, табиғатын, шаруашылығын, халықтың мәдениеті мен тұрмысын жан-жақты және жоспарлы түрде танып-білу. Өлкеміздің тарихы мен табиғатын танып, зерттей келе, нақты және мақсатты түрде тарихи-мәдени ескерткіштерді, флора мен фаунаны, табиғат қорларын қорғау іс-шараларын іске асыру қажет. Өлкетану – белгілі бір жердің өткені мен бүгінгі күнін зерттеу, жекеден жалпыға, ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін айқындайтын, түрлі ғылыми пәндер мен ғылыми-зерттеушілік тәсілдерге және пәнаралық байланыстарға сүйенетін танымдық әдіске негізделген ғылыми, әрі ғылыми-көпшілікке таратылатын қызмет.

Өлкетану – бұл тек ғалым-мамандар ғана емес, сондай-ақ сол өңірді жетік білетін адамдар мен жергілікті тұрғындар қатысатын ғылыми және қоғамдық қызметтің бір түрі. Қазақстандық өлкетанушылардың саңлақтар тобына Мұса Шорманов, Шоқан Уәлиханов, Салих Бабаджанов, Григорий Потанин, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Әубәкір Диваев, Николай Коншин, Николай Катанов, Евгений Михаэлис, Александр Чулошников, Мұхамеджан Тынышбаев, Ахмет Байтұрсынов, Хәлел Досмухамедов, Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан, Федор Фиельструп, Ермахан Бекмаханов, Александр Затаевич, Альвин Бимбоэс, Жагда Бабалыков, Өзбекәлі Жәнібеков, Максим Зверев, Николай Ивлев, Владимир Проскурин, Ақселеу Сейдімбек, Қасым Тәукенов және т.б. жатқызуға болады.

Бүгінгі әлем білім берудің жоғары деңгейіне байланысты жоғары білімді адам  оп-оңай  мамандығын ауыстыра алатын тарихи дамудың  жаңа кезеңіне қадам басты. Еліміздегі ауқымды экономикалық өзгерістер қоғамдық санадан озық жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – мәдениетіңді, ұлттық кодыңды сақтай білу («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан).

Қазақстанда мәдени ескерткіштерді зерттеуге бағытталған, тарихи өткенді жандандыру және ұлттық жадыны қалпына келтіруді көздеген бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды. 2004-2010 жылдары Қазақстан аумағында тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды қайта қалпына келтіруге бағытталған «Мәдени мұра» бағдарламасы іске асырылған болатын. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан).

Қазақстанның тарих, филология, география сияқты ғылым салаларында, орасан көп ақпарат жинақталған, ал бұл ақпарат көбінесе академиялық және кәсіпқой ортаға қолжетімді болғанымен, қазақстандық қоғамның басқа санаттарының қолына тие бермейді. Сондықтан, бұл мәселені шешу керек.  Қазіргі кезеңде уақыт өткен сайын өзектілігін жоғалтпайтын тарихи-мәдени тәжірибенің баршаға қолжетімді болғаны өте маңызды. Өлкетану әлеуетін ашатын тиімді практикалық шаралар қажет. Нәтижесі мультипликативтік әсерге: өзіндік сана-сезімнің өсуіне; ойлаудың әлеуетті қауіпті деструктивті парадигмаларын (тұтыну культі, экологияға, ксенофобияға немқұрайлы қарау) прогрессивтік, құрылымдық жасампаз парадигмаларға алмастыруға; көру мәдениетін дамытуға, ортақ зияткерлік және тұлғалық өсуге алып келеді.

Өлкетанудың тұжырымдамалық негіздері (бұдан әрі – Тұжырымдамалық негіздер) ғылым, білім, мәдениет, спорт,  қоғамдық келісімді қалыптастыру мен  дамыту, қазақстандық қоғамда заманауи әлеуметтік-мәдени трансформациялары ескерілген зайырлылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында әзірленді. Тұжырымдамалық негіздер адамның құқығы мен еркіне, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға деген құрметке, патриотизмге тәрбиелеуге, ұлттық (азаматтық) сәйкестендіруге, тұлғаның еркін дамуына, еңбексүйгіштікке, шығармашылық тұрғыда өзін-өзі дамытуға негізделеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы өлкетану жұмыстарының нормативтік құқықтық базасы

 

Тұжырымдамалық негіздердің нормативтік-құқықтық базасы:

– «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

– «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

– «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

– «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

– «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

– «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

– Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасы (2020 жылға дейін);

– «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын 2023 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.

Тұжырымдамалық негіздердің негізіне:

– «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 12.12. 2017 жылғы № 827 қаулысы;

– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» және «Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарынан алынды.

 

 

Тұжырымдамалық негіздердің мақсаты мен міндеттері

 

Мақсаты – Қазақстан Республикасында өлкетану қызметін дамытудың бағытын анықтау.

Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасындағы өлкетану жұмысының нормативтік және құқықтық базасын жетілдіру;
  • өлкетану субъектілерін және қамтамасыз ету ресурстарын анықтау;
  • ғылыми-педагогикалық және өлкетану қызметі мен зерттеу әдіснамалық негіздерін жетілдіру;
  • өлкетану іс-әрекеті дамуының келешегін анықтау;
  • қоғамда өлкетану білімін көпшілікке тарату;
  • Қазақстан Республикасында өлкетану қызметін жүзеге асырудың механизмдерін реттеу;
  • өлкетану жұмыстары бойынша табысты тәжірибені насихаттау;
  • өлкетанудың тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру жағдайын анықтау;
  • Тұжырымдамалық негіздерді жүзеге асырудан күтілетін нәтижелерді қалыптастыру.

Өлкетану жұмысының негізі бағыттары ретінде :

– гуманитарлық бағыт: тарих, тіл мен әдебиет және т.б.;

– жаратылыстану-ғылыми бағыт: география, биология, экология және т.б.;

– шығармашылық бағыт: сәулет өнері, музыка, өнер және т.б.

Өлкетану бағыттарын жүзеге асырудың ерекше амалдарына саралау және кіріктіру жатады.

 

 

Өлкетану субъектілері

 

Өлкетану қызметінің субъектілері ретінде төмендегідей жеке және заңды тұлғалар анықталды:

– ғылыми-зерттеу мекемелері;

– республикалық және жергілікті атқару органдары, облыстық және аудандық мекемелер, ведомствоаралық топтар;

– барлық деңгейдегі және жекеменшік түріндегі білім беру ұйымдары;

– мәдениет, туризм және спорт ұйымдары мен мекемелері;

– үкіметтік емес ұйымдар;

– шығармашылық және авторлық ұжымдар;

– жеке зерттеушілер;

– тақырыптық өлкетану іс-әрекеттері және т.б.

Өлкетану мазмұнын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін оның субъектілері білетін, мекеме мен ұйым қызметінің бағасына «өлкетану қызметі» индикаторын қосу ұсынылады.

Өлкетану іс-әрекетін жүргізетін, мәдени мұраны сақтайтын және қорғайтын мекемелер:

– мемлекеттік, облыстық, аудандық мұрағаттар және олардың қорлары;

– музейлер (мемлекеттік, ұлттық, мемориалдық,өлкелік, бейнелеу өнері және т.б.), музейлер қоры;

– кітапханалар (республикалық, ұлттық, облыстық, аудандық);

– көрмелер.

 

 

Өлкетану нысандары

 

Әкімшілік, табиғи-географиялық және тарихи-географиялық белгілермен шектелген адамның өмір сүретін орны өлке өлкетанудың жергілікті (әкімшілік, географиялық, мәдени-тарихи) нысаны болып табылады. «Өлке» деген ұғым көп компонентті болғанына қарай, жеке нысандарға жататындар:

– тарих және демография (этнография, урбанистика, топонимика және т.б.);

– тіл және әдебиет (ономастика, фольклор, әдеби шығармалар);

– мәдениет пен өнер (музыка, халық өнері, сәулет өнері);

– экономика және шаруашылық (аймақтық және салалық өнеркәсіп);

– табиғат және оның барлық компоненттері (геология, рельеф, жер қойнауының байлығы, топырақ, климат, су қоймалары, өсімдік, жаунуарлар дүниесі).

Өлкетану қызметі келесі формаларда жүзеге асырылады:

  • өлкетану субъектілерінің ғылыми-зерттушілік, әдістемелік, жобалық және шығармашылық қызметі;
  •  қоғаммен байланыс, насихат пен жарнама, бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдар және жариялымдар;
  • тарихи мұраларды зерделеу және мәдени ескерткіштерді қорғау;

– музей ісі және мұрағаттық іс;

– туризм және спорт;

– тақырыптық өлкетану қозғалыстары.

Әртүрлі ұйымдастыру формаларында балалар туризмі мен өлкетануды дамыту, өскелең ұрпақты өлкетану қызметіне тарту көптеген елдердің экономика секторының аса маңызды болып келе жатқан жалпы туристік индустрияның болашағын кеңейтуге және жетілдіруге қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар халықаралық және ішкі туризм байланыстары мен серіктестікті дамытуға көмектеседі. Халықаралық туризм бүкіл әлемде бейбітшілікті нығайтуға және халықаралық ахуалды жақсартуға жағдай жасайды. Ішкі туризм ұлттық патриотизмді дамытуға және жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыруға оң әсер етеді.

 

 

Өлкетанудың негізгі дереккөздері

 

– ауызша деректер(тарихи аңыздар мен әбсаналар, шежіре, ескі сөз, эпостар, ертегілер, тарихи өлеңдер, халық ауыз әдебиеті, халық мақалдары мен мәтелдері және т.б.);

– тарихи-генеологиялық деректер (қазақ шежіресі, қазақ рулары мен тайпаларының генеологиясы және олардың пайда болуымен байланысты тарихтар, ұлттың маңызды құндылығы ретінде тегінің, ата-баларының, отбасының тарихы, салт-дәстүрлері);

– әлеуметтік-экономикалық, этнографиялық, фольклорлық зерттеулер, табиғат нысандары мен процестерін, жануарлар мен өсімдіктер әлемін және т.б. бақылау;

– артефактар (мәдениет бұйымдары, құрылыс іздері, ежелгі адамдардың тұрақтары, шаруашылық құралдары, тас, қола және темір бұйымдар, еңбек құралдары, қару-жарақ, керамика, зергерлік бұйымдар, белгілер және басқалар);

– өлкетанулық библиография және баспа басылымдары (жол көрсеткіш, энциклопедиялар, анықтамалықтар, бағдарламалар, оқулықтар, тарихи жазба дереккөздер, карталар, журналдар, газеттер және т.б.);

– тарих және мәдениет ескерткіштері (ғылыми, тарихи, көркем, әдеби, мәдени, мемлекеттік, ұлттық маңызы және құндылығы бар қоғамның және мемлекеттің дамуымен, өлке өмірінің тарихи оқиғаларымен, адамдардың әлеуметтік және рухани іс-әрекеттерімен байланысты шығармалар);

– әдеби дереккөздер (қазақ жазушыларының, ақындарының, әдебиетшілерінің, романшылары мен публицистерінің әдеби шығармалары);

– картографиялық деректер (атластар, мәтіндер, кестелер, цифрлық, графика, фотосурет түрлеріндегі дереккөздер, аэротүсірілімдер және т.б.);

– статистикалық деректер (әкімшілік, ауыл шаруашылықтық, экономикалық, өнеркәсіптік, кәсіби, саудалық, әлеуметтік, мәдени, демографиялық, әскери, білім беру және т.б.).

 

 

Қазақстан өлкетануының этнопедагогикалық негіздері – «Қасиетті Жер-Су»

 

Қазақстан аумағында қоғамдық сананың бір түрі ретінде өлкетану тарихы ежелден, неолит және қола дәуірінің петроглифтерінен бастап қалыптасқан. «Аң стиліндегі» өнерде бейнеленген сақ-ғұн мәдени ескерткіштері ежелгі дүниетанудың жаңғырықтарын жеткізеді. Оларда қоршаған орта – ежелгі Қазақстанның табиғи нысандары, флорасы мен фаунасы туралы құнды ұғымдар бейнеленген.

Бұдан әрі, өлкетану дәстүрінің сабақтастығы Қазақстан тарихының түрлі кезеңдерінде жалғасады: түрік, қараханид, алтын орда – Қазақ хандығының «Ұлы Дала Елі» дәуірлері мен кезеңдері. Түркінің Күлтегін, Тоныкөк және Білге қаған жазба ескерткіштерінде түркі өркениетінің – «Қасиетті Жер-Су, Ұмай Ана», «Ергенекон», «Мәңгілік Ел» базалық идеологемасы берілген. Осы кезеңде көшпелі шаруашылықтың, отырықшы-егіншіліктің, қала мәдениетінің тіршілік қарекеті жүйесінің ареалы қалыптасты.

Түркі халықтарының «Оғуз-нама», «Қоқыт ата кітабы» эпикалық ескерткіштерінде ежелгі эпонимдер мен топонимдер кешендері қолданылған. Әбу-Насыр Әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнның және Махмуд Қашғаридың еңбектері «Туған жер», «Атажұрт», «Атамекен», «Отан» сияқты және ерте түркілік топонимикалық атаулары маңызды идеялық-теориялық және өлкетану категориялары, сондай-ақ ертедегі түріктің топонимикалық атаулары көрініс табатын тарихи-философиялық танымның даму кезеңі болып табылады.

«Диуани лұғат ат-түрік» өлкетануды түркінің тарихи ландшафты – түркі халықтары мен тілдері әлемінің картасын ғылыми тұрғыдан түсіндірудің алғашқы түрі ретінде белгілі болды. Түркі пантеондары - Арыстанбап, Қожа Ахмет Ясауи және басқа да сакралды ескерткіштер – Ұлы Дала Елі өлкетануының құнды тарихи-мәдени мұрасы. «Мәдени маңыздылығы тұрғысынан біздің Түркістан немесе Алтай - ұлттық немесе құрлықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құндылықтар».

Бұнда: «VI-VII ғасырлар - ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болған... Бұл жазу адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі. V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлығының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды. Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құжаттары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді. Х ғасыр мен ХХ ғасыр аралығында 900 жылға жуық Қазақстан аумағында араб графикасы қолданылып келгені» белгілі.

Танымал ортағасырлық тарихшылар Рашид-ад-дин мен Әбілғазы Баһадүр хан түрік генеалогиясының энциклопедясын жасады. Асан Қайғы туралы тарихи аңыз-әңгімелерде тарихи-мәдени қорық аумағы – елдің сарқылмас қоры ретінде «Құтты Қоныс-Жерұйық» идеясы бейнеленген. Қадырғали Жалаирдың еңбегінде «Алаш мыңы» деп қазақ тайпалары одағы мекендеген жерлерінің аумағы айтылған, ал Мұхамед Хайдар Дулатидің шығармасында қазақ мемлекеттігі – Қазақ Хандығын құрудағы қасиетті орын боп аталып өтеді.

Қазақ хандығында Отанды – қазақ билері, батырлары мен хандарының өсиет сөздерінде айтылатын қазақтың қасиетті жерлерін қорғау дәстүрі жалғасқан. Қоғамдық сана және дүниетаным түріндегі өлкетануда, ономастикалық дәстүрлер мен фольклорлық мұраларда мыңжылдық тарихы бар қазақ тілінің бай лексикасы жатыр. Қазақ халқының бай тарихи жырлары қорында тарихи-өлкетану дереккөздерінің ауқымы сақталған. Мемлекет пен аумақтың тұтастығы идеясы Алаш идеясы мен қозғалыстарында және олардың ізін жалғастырушылар – А. Ермеков, С. Сәдуақасов, Б.Момышұлы, Ж.Ташенов және т.б..

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл - рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі» деп айтылған).

Қазақстан – бай рухани тарихы, кең байтақ жері бар ел. Бірақ халықтың осы бір рухани географиялық белдеуде ешқашан байланысы үзілмеген. Бүкіл тарихында қасиетті жерлері мен рухани мұралары: ескерткіштер, ғимараттар, құрылыстар маңызды мәдени көзқарас тұрғысынан құрылған. Қазақстан үшін бұл аса маңызды. Ұлттық санада Ұлытау айналасындағы ескерткіштердің біріккен кешені мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштері мен Бекет-Ата мазарын, Шығыс Қазақстанның ежелгі кешендері мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру маңызды. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің, белгілі бір құндылықтарының, мәдени символдарының, өзіндік дара ұлттық символикасының мызғымас негізін құрайды.

Қазіргі Қазақстанның өлкетануы тарихи ата қонысты – Алтай-Ертіс, Жетісу, Сарыарқа, Маңғыстау, Сыр, Еділ-Жайықтың қасиетті аумақтарын қамтиды.

CC ғасырда өлкетанушылық зерттеулердің дереккөз, әдіснамалық және әдістемелік базасы күшейтілген еді.

Қазақстанның қазіргі замандағы өлкетануын дамытуда қолда бар этнопедагогикалық және тарихи тәжірибелерге сүйену, мәдени-идеологиялық және рухани сабақтастықты сақтау негізгі басымдық болып табылады.

 

 

Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар қасиетті орындары

 

Маңызды рухани, саяси, тарихи және мәдени оқиғалармен байланысты Қазақстанның ерекше құрметтелетін тарихи-мәдени мұра ескерткіштері және табиғи-тарихи ландшафтары Қазақстандағы жалпы ұлттық маңызы бар қасиетті нысандар болып табылады.

Қазақстанның қасиетті ескерткіштері мемлекеттік деңгейде жалпы ұлттық мағынаға ие және қазақ халқы үшін өте құнды болып келеді де азаматтық, қаһармандық ерліктерінің, бірлігінің және қайта жаңғыруының, ұлттық жадының нышаны болып табылады.

Олардың қатарына төмендегі қасиетті нысандар жатады:

– ата-бабаларымыздың мифологиялық әлем көрінісінде ерекше қадірленетін және Жер мен Су құнарлығы нышандарымен байланысты атаулары аңызға айналған Қазақстанның қайталанбас экоортасының бірегей үңгір, тау, орман, бұлақтары мен өзендері сияқты табиғат ескерткіштері;

– ежелгі адамдардың көне қоныс орындары, ежелгі мәдениет іздері қалған, петроглифтер, көне қалалар мен қала орындары, бекіністер, егіндіктер мен жайылмалы жерлер, қорықтар, арықтар мен керуен жолдары сияқты археологиялық ескерткіштер;

– арғы түріктік, жалпы түркілік тұтастық кезеңдерден бастап, Қазақ хандығы заманынан ХХ ғасырға дейінгі уақытта өмір сүріп, әулие феноменімен байланысқан ежелгі және ортағасырлық бірегей тұлғалар туралы аңыздар қалыптасқан орындар, зиярат етілетін діни және ғибадат объектілері;

– қазақ халқының белгілі саяси және мемлекет қайраткерлері болған билер, батырлар, хандар және мемлекеттіліктің, мәдениеттің, ғылым және білімнің дамуына үлес қосқан молда, ишан, ақын, ғұламалардың, ағартушылардың есімдерімен байланысты қасиетті нысандар;

– қазақ халқының бірлігінің нышаны болып танылатын қазақ билері мен хандарының ордалары орналасқан жерлер; қазақ даласының тарихында орын алған ашарлылық сияқты қайғылы кезеңдерге байланысты, басқыншылармен соғыс болған жерлер, қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының орындары болып табылатын қасиетті нысандар.

 

 

Өлкетану қызметі мен зерттеулерінің ғылыми-педагогикалық және әдіснамалық негіздері

 

Қазақстанның өңірлері жалпыадамзаттық өркениетті сипаттайтын ақпараттардың көп шоғырланғанымен ерекшеленетін түрлі тарихи ескерткіштерге бай. Онда мыңжылдық тарих пен мәдениеттің барлық кезеңдері көрініс тапқан. Қазақстан аумағы ежелден Батыс пен Шығыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің халқы мен мемлекеттерін байланыстыратын трансконтинентальды құрлықтағы Ұлы Жібек жолының жұмыс жасауында үлкен рөл атқарған аса маңызды сауда-экономикалық, қаржы, мәдени орталықтардың бірі болды. Бұл жерде түркі тайпалары пайда болып, дамыды және сан рет құрылған мемлекеттер бірін-бірі ауыстырып отырды.

Қазақстан Республикасында және оның аймақтарында өлкетануды тұтастай зерттеу өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді, Отанына деген сүйіспеншілік және құрмет сезімдерін ояту қажеттілігінен туған. Орта білім беретін мектептердің бағдарламаларында міндетті компонент ретінде отандық тарих, география, филология және т.б. аймақтық аспектілерін енгізу кездейсоқ емес. Жалпы республикада және оның аймақтарында  өлкетану тарихы арнайы ғылыми зерттеу нысаны болып қалмауын мойындауға тура келеді.

Өлкетанудың зерттеу әдіснамасының негізіне историзм принциптері мен тұтастылық және көзқарас шындығының, оқиғалар мен құбылыстардың тұжырымдамасы кіруі мүмкін, бұл өлкетану тарихының дамуын, сондай-ақ оның  зерттеу әдіснамалық жолдарын: анализ бен синтез әдістерін, тарихи және логикалық, проблемалық-хронологиялық, тарихи-салыстырмалық және жүйелік әдістерді  қарастыруға мүмкіндік береді.

«Туған жер» бағдарламасы – жалпыұлттық патриотизмнің негізі. Білім беру – болашақта табыстың ең іргелі факторы. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет. Тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, филология ғылымдары бойынша толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беру, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру қажет. Туған өлкеңнің тарихын білу және мақтан тұту – қажетті де, пайдалы іс. Сондай-ақ, ішкі және сыртқы мәдени туризм халқымыздың осы қастерлі мұраларына негізделуі тиіс. «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс, бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды» («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан).

Жүзеге асыру нысандары: өлкенің тарихы бойынша ғылыми монографиялар жазу, энциклопедиясын құрастыру, ұлттық масштабтағы ғибадат орындарын, қасиетті жерлерді зерделеу, өлкетану бойынша оқушыларға арналған әдістемелік құралдар шығару, туристерді Қазақстанның мәдени-тарихи ескерткіштерімен таныстыратын фотоальбомдар, туристік бағдарламалар шығару, мектептерде өлкетану мұражайларын құру бойынша нұсқаулықтар әзірлеу. Зерттеулердің нәтижелері табиғат пен өлке тарихын зерттеу бойынша жинақтап қорыту жұмыстарын өткізгенде, облыс мектептерінің мұғалімдеріне өлкетану курстарын ұйымдастырғанда пайдалануға болады.

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының аясында («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру») тек өлкенің тарихын ғана емес, облыстардың табиғи ресурстарын, ауыл шаруашылығын, өнеркәсібін зерттеу; Қазақстанның өткен тарихын жаңғырту бойынша үлкен жұмыстарды жүзеге асыратын, облыстық, аудандық, қалалық, қала үлгісіндегі ауылдық, «зауыттық» және мектеп мұражайларын құру; тарихи ескерткіштер мен құрылыстарды сақтауға мүмкіндік жасау қажет. Сондай-ақ зерттеулер кітапханалардың, Мемлекеттік мұрағаттардың, Құжаттар орталығының қызметін зерделеу, өлкетану білімін жүйелеу мен насихаттау және егеменді Қазақстанның оқушылары мен студенттерінің азаматтық сана-сезімін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Осыған байланысты, магистрлік және докторлық диссертациялар шеңберінде өлкетанулық-зерттеу, гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға ерекше назар аударылады.

Аумақты кешенді түрде зерттеу табиғат, тарих, топонимика, этнография, мәдениет, туризм, археология, демография, үй шаруашылықтары және басқа да салаларды зерттеушілердің кең ауқымын қамтиды. Өлкетану туған өлкені ғылыми және жан-жақты тануға алып баратын жиынтықтардан тұратын мазмұны бойынша әртүрлі және зерттеудің жеке әдістерін бойынша ғылыми пәндер кешенін қолданады. Сондықтан, жалпы алғанда өлкетану зерттеу объектілеріне қарай өлкетануды оны жүзеге асыратын ғылымның құралдарымен анықталатын әр түрін бөліп қарастырады:

– табиғи-географиялық – табиғат компоненттерін және табиғи-аумақтық кешендерді зерттейді;

– экономика-географиялық – шаруашылық пен өндірістік-аумақтық кешендерді;

– тарихи – археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған заттай және жазбаша ескерткіштер, әдеби және мұрағаттық дереккөздер, сәулет және архитектуралар;

– этнографиялық – өмір, қызмет және белгілі бір шағын ауданның тұрғындары болу, осылай бола тұра елді мекендер, киім-кешек, ыдыс-аяқ, өндіріс құралдары кешенді түрде зерттеледі;

– фольклорлық («халық» деген неміс сөзінен алынған) сәулет өнерінің сәндік әшекейлері, қолөнер шеберлері, халық ауыз шығармашылығы және халықтық салт-жоралар;

– биологиялық-экологиялық – өлкенің биоценоздарын, өсімдіктерін, фаунасын зерттеу тағы басқа.

Кешендік өлкетану – олардың барлық себеп-салдары қатынастарының табиғи және әлеуметтік құбылысы. Ақпараттарды жинау мен жүйелендіру, табиғи үлгілер, материалдық мәдениет объектілері негізгі әдіс болып табылады. Кешенді өлкетану географиямен тығыз байланысты бірқатар ғылыми әдістерді өзіне тартады.

Жүйелік ғылыми зерттеулер Қазақстандағы әртүрлі аймақтар мысалдарында өлкетанулық білім берудің құрылуы мен дамуының мәселелерін кешенді зерттеу құндылықтарын анықтайды. Рухани саланы дамыту мақсатында ұлттық мәдениет үшін маңызы бар маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта құру және ғылыми зерттеу қажет болып табылады. Сонымен қатар, ұсыну нысаны бойынша әдістеме материалдары, кітаптар, мультимедиялық қолдаудың толық жиынтығы заманауи жаңартылған болуы тиіс, тарихи тұлғалар мен жаңашыл тұлғалардың өмірбаяндарын тарихта таныту үшін ақпараттық қолдау көрсету қажет.


 

 

Өлкетану жұмыстарын ресурстық қамтамасыз ету

 

Қазақстан Республикасында өлкетану қызметінің ресурстық қамтамасыз етілуі бойынша міндеттерді жүзеге асыру үшін:

– кіріктірілген электронды карталармен және онлайн-картографиялық сервистермен өлкетану нысандарының бірыңғай ұлттық кадастрын әзірлеу;

– жергілікті ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың, кітапханалардың анықтамалық-ақпараттық қызметін ұйымдастыру (сайттар, электронды оқулықтар, кітаптар, бейнеэкскурсиялар);

– қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде және қажеттілік туындаса, мақсатты аудиторияға қажетті тілде, Қазақстанның әдет-ғұрып және мәдени орындары бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар, жолнұсқасын әзірлеу және басып шығару;

– туристік және экскурсия бағыттарының, экологиялық соқпақтар танымдық ұлттық жүйесін әзірлеу;

– Қазақстанның қасиетті мәдени-тарихи нысандары орналасқан аумақтарға «мәдени-тарихи қорықтық аймақ» (ұлттық табиғат саябақтары үлгісінде) статусын беру мәселесін қарастыру (Түркістан, Ұлытау, Көкшетау және басқалары);

– электронды бұқаралық ақпарат құралдарында тарату үшін өлкетану контентін толтыру бойынша үздіксіз қызметін қамтамасыз ету;

– Қазақстан Республикасының көптеген аудиторияларын қамту мақсатында өлкетану ақпаратын тарату үшін телеарналарда эфирге шығаратын уақыт бөлу;

– өлкетану туралы ақпарат беру мақсатында қолданыстағы оператор байланыстары үшін көпқызметті қосымшалар құру.

Өлкетану туралы білімдерін кеңейту, балалар мен ересектердің бойында патриотизмді тәрбиелеу үшін:

– білім мазмұнының жаңартылған принциптерін ескере отырып, өлкетану жұмыстарының ғылыми-әдістемелік негіздерін және оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу;

– бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу жоспараларына өлкетану контентінің басым бөлігіне тиісті өзгерістер енгізу;

– оқу үдерісіне өлкетану бағыты бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын енгізу (оқу пәні бойынша өлкенің жалпы және өзіне тән ерекшеліктерін көрсететін жүйелі түрде таңдалған ғылыми, әдеби және көркемдік, географиялық, тарихи, этномәдени және басқа да материалдар немесе олардың көріністері, көрнекі-иллюстрациялық материалдары бар оқу-танымдық басылымдар);
– «Өлкетану» курсы бойынша оқулықтарға электрондық қосымша әзірлеу. Оқу құралына қосымша материалдар қосу мақсатында, білім беру үдерісінің оқу құралы білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруы мен нәтижелілігі электрондық өтінім және ақпараттық білім беру ресурстарымен бірге жүреді. Электрондық өтінімнің мазмұнына білімді бақылау функциясын жүзеге асыратын демонстрациялық материалдар (мультимедиялық кешендер, 3D демонстрациялар, аудио-видеоматериалдар, виртуалды лабораториялар мен экспедициялар практикумдар мен үлгілері) және тесттер кіреді. Электрондық өтінімде ұсынылған материалдар оқу құралының негізгі материалдарын қайталамауы тиіс;
– өлкелік білім беру интерактивті формаларын табысты ұйымдастыруда, келісілген меморандум аясында аймақтық білім беру ұйымдары жергілікті ресурстарды пайдалана алу үшін ынтымақтастық туралы жалпы жоспарлар қалыптастыру;
– білім мазмұнының жаңартылған принципін ескере отырып, оқытуда және өлкетанулық жұмыста қолдану мақсатында ғылыми-әдістемелік негізделген жалпыұлттық сипаттағы Қазақстанның өлкетануы бойынша Хрестоматия әзірлеуді және басып шығаруды ұсыну;
– білім беру ұйымдарына жергілікті жер әкімдіктерінің құрылымдарымен бірлесе отырып сабақтарды өлкетанулық қызмет нысандарында өткізуді ұсыну; 
– арнайы өлкетану сайттарында, мысалы «Рухани жаңғыру» http://ruh.kz/kz/tugan-zher сайтында оқырмандық, аудио және видео сервистер әзірлеу, объективтілік принциптері, жүйелілік және үздіксіздікті негізге ала отырып, олардың жұмысын жүргізу;
– анимациялық және танымдық фильмдер, сондай-ақ өлкетану бойынша жергілікті контентті көбейту мақсатында жарнамалық өнімдер түсіру;
– өлкетану қызметінің субъектілеріне, жергілікті ресурстарды пайдалана отырып, онлайн сабақтарын әзірлеп, өткізу;
– өлкетану қызметінің субъектілеріне, мәдениет және өнер саласында шығармаылық музыкалық, драмалық, ақындық, бейнелеу, сәндік және жарыстар, көрмелер, шығармашылық отырғызулар мен онкүндіктер, сайыстар, Дельфий ойындары, фестивальдар нысанында өлкетану пәндерінен басқа да арт-жобалар жасау;
– өлкетану қызметінің субъектілеріне, туризм және спорт саласында Қазақстан халқының ұлттық спорт түрлерінің жаңғыруы мен танымалдылығы бойынша жалпыаймақтық, облыстық және аудандық, қалалық ұлттық маңызы бар жобалар жасау;
– өлкетану қызметінің субъектілеріне, қоғамдық келісім және зайырлылықтың қалыптасуы саласында Қазақстанда зайырлылық нормасын нығайтуда мәдениетаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталған іс-шаралар циклін әзірлеу;
– Қазақстанның ірі қалаларындағы мұражай мекемелеріне жаңа заманауи технологияларды пайдалана отырып, өлкетану туралы (мысалы, «Балапан еліне саяхат») бірыңғай ұлттық интерактивті балалар мәдени-білім беру жобасы-порталын құру:
– 3D, 5D, 7D форматы;
– медиа қабат;
– «тірі» интерактивті мультимедиялық кітаптар.
– аудио орнату (аудиогид, аудиоэтикетка-құлаққаптар);
– бейнежазбалар, голографиялық терезелер;
– мультитач (Multitouch);
– VR мобильді дулыға;
– сенсорлы киосктер;

– республикалық және аймақтық өлкетану қоғамдық, балалар мен жастар қозғалысы экспедиция, жасақтар, слеттер (мысалы, «Атамекен» республикалық туристік-өлкетанулық экспедициясы, Республикалық оқушылар мен жастар туристік экспедициясы «Менің Отаным – Қазақстан» («Менің Отаным – Қазақстан») және тағы басқа.

 

 

Өлкетану ілімінің қоғамда танылуы мен насихатталуы

 

Өлкетанудың танылуы төмендегілер арқылы жүзеге асады:

– негізгі орта білім беру, ТжКББ, жоғары оқу орындарына арналған кіріктірілген оқу бағдарламаларын әзірлеу;
– бірегей табиғи кешендер, тарих және мәдениет ескерткіштерін қоса алғанда, өлкетану қызметінде жергілікті субъектілер мен объектілер мүмкіндіктерін пайдалану;
– өлкетану қызметінде тікелей жүзеге асырылмайтын физикалық және заңды тұлғалардың байланысты ұйымдарын тарту;
– «География» ғылымы туралы ілімді және көп шоғырланған тұрғындар арасында табиғат, қоғам, мәдениет туралы байланысты ғылымдарды кеңінен тарату;
– Қазақстан Республикасында эко-туризмді дамыту;
– өлкетану қызметін жандандыру (экскурсиялар, экспедициялар, сапарлар, туристік маршруттар, көрмелерге бару т. б.).
Бұл, өлкені зерттеу барысында жүйелеу, өлкетану ілімін насихаттауға және Қазақстан тұрғындарының азаматтық санасының қалыптасуына өз үлесін қосуға септігін тигізеді. 
Өлкетанудың күрделі ұйымдастырушылық және әдістемелік тапсырмалары жоғары білікті педагог мамандар, нұсқаушылар, әдіскерлер мен басқа да өлкетану саласына тартылатын мамандар арқылы шешіліп отырады. Осыған байланысты, республиканың жоғары оқу орындарында факультеттер немесе тиісті кадрларды даярлайтын мамандықтар ашу қажет.
Өлкетану жұмысында табысты тәжірибені насихаттау мақсатында кітапхана қызметінің барлық формаларытүрлері мен әдістері пайдаланылады (көрмелер, ауызша журналдар, оқырман пікірлері, кешкі пікірталастар және т. б.). Өлкетану тарихын насихаттау жұмыстарын ұйымдастыруда халыққа кітапханалық қызмет көрсетудің барлық артықшылықтары іске асырылады. Кітапханалар көрмелер ұйымдастыру жұмыстарында оның қатысушыларын біріктіретін, өз өлкесі туралы және өлкетану әдебиетін насихаттау, туған қаласы мен аудандары туралы мақалалар жинау, баспа қызметі арқылы өлкетану ресурстарын жүзеге асыру, өлкетану әдебиеті қорын қалыптастыруда іздеу және зерттеу қызметінің орталығы болып табылады.
Тарихи-өлкетанулық және туристік-өлкетанулық қызмет – тарих және географиядан өзіндік білімін тереңдету жолындағы шынайы мүмкіндік. Туристік-өлкетанулық жұмыстардың басты бағыттары:
– ғылыми-ізденіс (жинақтау, талдау, жіктеу, каталогтау);
– білім беру қызметі (оқыту, тренингтер және басқалар);
– мәдени-сауықтыру іс-шаралары;
– ақпараттық білім беру қызметі.
Туристік-өлкетанулық және экологиялық қызмет, қызметтің әртүрлі үлгідегі барлық болуы ықтимал түрлерін: танымдық, еңбек, спорттық, зерттеу, оқу-кәсіптік, ойын, коммуникативтік сонымен қатар, туған жерінің бай мәдени мұраларын, ескерткіштерін, құжаттық материалдарын сақтау, зерттеу және насихаттауды қамтитын болғандықтан, кеңінен кіріктірілуімен ерекшеленеді.
Оның құрамына келесілер кіреді:
– «Балалардың туған өлкесі туралы суреттері мен қолдан жасалған бұйымдары», «Оқушылар мен студенттердің ғылыми жобалары», «Туған өлке туралы жыл кітабы», «Этнографиялық зерттеу және хат» және тағы да басқа конкурстар ұйымдастыру;
– бұқаралық ақпарат құралдары арқылы отандық және шетелдік өлкетанушылардың жетістіктерін насихаттау; семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырып өткізу;
– азаматтарды өлке тарихымен таныстыру мақсатында жүргізілетін көрмелер, лекциялар, тематикалық және әдебиеттік кештер, өлкетану үйірмелері, конференциялар, оқу, фестивальдар, конкурстар, экспедициялар.

 

 
Жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер

 
Тұжырымдамалық негіздерді жүзеге асыру мыныларды қамтамасыз етеді:
–   бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында, өлкетануды зерттеу және дамыту саласында мемлекеттік саясатты жетілдіру;
–   мемлекеттік тілді қолдану және оның қоғамдағы маңыздылығын арттыру, соның ішінде мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу өзектілігі мен іске асыру аясын кеңейту;
–   ғылым және білім беру пәндері, соның ішінде «Жаңа гуманитарлық білім: қоғамдық және  гуманитарлық  ғылымдарды дамыту бойынша қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру процесінде Қазақстандағы өлкетануды дамыту принциптерін әзірлеу; 
– өлкетануды дамыту мәселелері бойынша, соның ішінде қоғамдық сананы жаңғырту процесінде прагматизм принциптерін көпшілікке тарату мақсатында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институтының өзара қарым-қатынасын жақсарту;
– тарихи және әдеби өлкетану үлгілерінің негізінде мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуде ұлттық кодты сақтау мәселелері бойынша теориялық материалдар әзірлеу;

– «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті географиясы / Киелі жерлер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудағы өлкетанудың ролін арттыру;

– Қазақстанда өлкетануды дамыту аясында «Жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет» жобасын жүзеге асыру мақсатында шетел мемлекеттерінің ғылыми және университеттік орталықтарымен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты нығайту;

– «Білім культі» принципі негізінде, сонымен қатар «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында өлкетану институтын нығайту және өлкенің тарихын зерделеу бойынша жаңа институттар құру;
– туған өлкенің тарихы мен табиғатын зерделеу мәселелерін, сонымен қатар «сананың ашықтығы» принципін жүзеге асыруды қарастыратын өлкетанудың нормативтік-құқықтық базаны дамыту;
– «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» жаңа принципін жүзеге асыру негізінде қазақстандық тұрақтылық, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірегейлік моделін сақтау, нығайту және дамыту;
– ұлттық бірегейлік пен халықтық бірлікті нығайту және дамыту мақсатында ақпараттық жұмыс жүйесін құру.

Тұжырымдаманы жүзеге асырудың басты нәтижелері сәйкестік пен бірліктің қазақстандық үлгісін дамыту бойынша үйлестіру орталығының жұмысы ретінде өлкетану институтын одан әрі бекіту болып табылады.

Жаңартылған күні: 23.01.2020 14:16
Құрылған күні: 23.01.2020 14:16

Текст